» Материалы за Январь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Қоғамдық тыңдау №2

Автор: admin от 21-01-2019, 22:33, посмотрело: 167

0 Құрметті ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері!

Қоғамдық тыңдауымызды Елбасымыздың сөзімен бастағым келеді Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы уақыт талабына сай,еліміздің саяси,мәдени,рухани өмірінде дамудың нақты бағыт бағдарын айқындап берген құнды пікірмен ерекшеленеді.Менің ойымша мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарын қайрат,жігер беріп,болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз.Елбасының мақаласында қазақ елінің тарихи жаңғыруына үлкен мән беріп,ғылыми жақсы талдаулар жасалған құнды дүние болып отыр.Елбасымыздың ой-толғамы өскелең ұрпаққа,жарқын болашаққа жол деснкте болады. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.Мектеп директоры мен әкімшілік өз жұмысында сүйенетін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарға негізделе отырып жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабына сәйкес мектебіміздің барлық 1214 оқушысы II тоқсанды бастады.Сонымен қатар, осы заңға сәйкес білім ордасы мемлекеттік білім беру стандарттарына негізделіп өз білімі мен тәрбиесін беруде.
Мектебімізде «Білім туралы» Заңына негізделе отырып, оқу мен оқыту үшін қажетті жағдай жасалынған. Мектеп мұғалімдері үздіксіз өз білім деңгейін, педагогикалық шеберлігін дамыту үстінде жұмыс істейді. Педагогтардың ұлттық тестілеу нәтижесі және оқушылардың республикалық, облыстық, аудандық байқаулар мен олимпиадаларындағы жетістіктері бұның айқын дәлелі болады. II тоқсанда 1214 оқушы өз білімін көрсетті. Білім сапасы мектеп бойынша 42% (I тоқсанда 37% болған). үлгерім 100 % .Үздік 88 оқушы (I тоқсанда 81 оқушы болған) екпінді 582 оқушы оқушы (I тоқсанда 352 оқушы болған). Үлгермеуші оқушы жоқ.Оқушылардың білім сапасы көтерілуде.Аудандық пән олимпиадасына 20 оқушы қатысты. II кезеңге 12 оқушы өтті, 5 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушылар әр түрлі аудандық ,облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
«Білім туралы» Заңының 28 бабына сәйкес оқушылардың білім сапасын және оқу бағдарламасын игеру деңгейін бақылау бойынша жұмыс жүйелі жүргізіледі. Оқу барысын автоматтандыру, он-лайн білім құралдарына және ата аналармен хабар алмасудың заманауи әдістерінің бірі «Күнделік kz» мониторинг құралы екінші жыл пайдаланылады. Мектеп мұғалімдерінің «Күнделікті» толтыру жағдайы өз деңгейінде, алайда ата аналардың белсенділігі төмен. Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алған проблемаларды шешу – тек қана педагогикалық қана емес, сондай ақ ата аналар жұртшылығының күшін жұмылдыруды талап етеді. Сондықтан бұл жұмыс сынып жетекшілер мен әкімшілік тарапынан қолға алынды.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқушыларға мектепалды даярлық топтарынан бастап, командада, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жандандырылды.Мұғалімдермен қоса ата-аналарда рухани жаңғыру аясында мектепке көмек беруде.Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі Баймуханов А.Ж рухани жаңғыру қабырға стенд жасап әкелді. Ата-аналар комитеті төрайымы Джанабаева К ұйымдастыруымен жаңа жылдық шырша мерекесіне кейіпкерлер киімін әкелді.

Мектеп қызметкерлері мен оқушылардың «Күнделік kz» сайтына 9-11 сынып оқушылардың ОЖСБ мен қорытынды аттестацияға дайындалу мақсатында бас ғимарат ішінде 18 ғаламтор желісі орнатылған, екінші ғимаратқа 10 ғаламтор желісі орнатылды.
Тәрбие бойынша қоғамдастық алдындағы есеп В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Ата-аналар комитетінің төрайымы Джанабаева Қ ұйымдастыруымен жаңа жылдық шыршаға ойыншықтар алынып, әртүрлі кейіпкерлер киімі алынды. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Баймуханов А.Ж Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғырту болашаққа бағдар» қабырға стендін жасап әкелді. Ата-аналар комитетіне алғысымызды айтамыз.Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар береді.Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау үшін үнемі тығыз қарым қатынаста жұмыс жасаудамыз.Мектебімізден сауықтыру лагеріне қаңтар айына 3 оқушы жолдама алды. 9 «б» сынып оқушысы Худайберген Асылбек, 8 «б» Жұмабай Нурсауле, 7 «в» сынып оқушысы Адилова Аймирас Түркістан қаласына.Мектептегі ата-аналар жиналысына ата-аналар толығымен қатысып отырды.I жартыжылдықта 51 белсенді ата-ата алғыс хаттармен марапатталынды.
2018 жылдың 20-31 желтоқсан аралығында балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Тілектер шыршасы» атты акция өтті. Акция барысында мектептегі жетім, жартылай жетім, мүгедек балалардың жаңа жылдық тілектері жазылған шырша орнатылды.Шыршаға демеушілік көрсеткен ұстаздармен қатар ауыл әкімі Баймуханов А балаларға сыйлықтар сыйлады.Балалардың мерекелік көңіл күйі көтеріліп өз өнерлерін көрсетті.Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отырамыз. Мектебімізде оқу жылының басында бекітілінген жоспар бойынша жасалынған жұмыстар барысында оқушылармен сынып ұжымын қалыптастыруға, оқушыларды әлеуметтік маңызы бар қызымет түрлеріне баулуға, өзін-өзі басқару ұйымын ұйымдастыруға, әлеуметтік тұрғыда мәдениет, спорт, өнер, ғылым және т.б әрекеттерге тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып отырылады. Осы тақырыпта әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстар көбірек жүргізілініп тұрады. « Сен өмірді сүйе біл», «Мен өмірге бағалаймын» тақырыптарында сынып сағаттар ұйымдастырылды. Оқушылар өмір туралы өз ойларымен бөлісіп психолог мамандардан ақыл кеңес алды.Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпы адамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі – қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс.Ендеше отбасы құндылықтарынан бастау алатын тәрбие діңгегінің негізі –тұлға қауіпсіздігі деп айтуға болады. Олай болса ата-аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқарады. Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеуде.Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екенін, жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасауда.Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Балаға дұрыс ұстаным беру, оның өз-өзіне сенімді болуына көз жеткізу және алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігіне сендірген абзал. Ата-ана баланы үнемі «қабағын ашпай, нашар мінез көрсеткендігі» немесе шектен тыс жиіркеншектігі үшін сөкпей, оның жақсы жақтарын көбірек атап, жеке басы мүмкіндіктерінің бар екендігіне сендіре алғаны дұрыс.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.Осы мақсатта мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер, сауалнамалар жүргізілді.Аудандық кәмелетке толмаған жастарды бақылайтын инспектормен кездесулер өткізілді.II тоқсан басында оқушылар арасында құқық бұзушылық орын алмады.Бақылау үнемі жүргізілуде.Жоспар бойынша күндізгі рейд және түнгі рейд жұмыс жасауда.Мектептің мұғалімдері кезекшілікпен рейдке шығуда.22.00 кейін көшеде жүрген оқушыларды ұстап ата-аналарынан түсініктеме алынып, ескертулер айтылды. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады. Яғни «Неке және отбасы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы»,«Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдар, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілерде жан-жақты негізделіп ашып көрсетілген.Осы нормативтік құжаттарға сай жұмыс жүргізілуде.Мектепте кезекшілік ұйымдастырылған. Кезекшілік кестеге сай мұғалімдер уақытында кезекшіліктерін орындауда. Құқық бұзушылықты болдырмау, бөгде адамдардың мектепке кірмеуіне жол бермеу, лаңкестік оқиғалардың алдын алу мақсатында мектепте камералар жұмыс істейді. Тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс жасау барысында әрбір баланың психо- физиологиялық даму бағыттарын айқындау, олармен жүргізілетін жұмыстар формалары толықтай қамтылған. Оқушылармен кездескен қиыншылықтарды жеңе білуді үйретуге бағытталған тренингтер, дәріс сабақтары, ақыл-ой тапсырмалары нақты алынған. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезінетін, өмірдегі өзінің қажеттілігін түсінетін жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылған. Бала мүмкіндігін анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндігі бар. «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасауда. Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде жаңа әлеуметтік сана жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалмаса өмірлік маңызды шешімге келу кезеңінде кедергілер, «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «Тәуекелдік жағдайға» жетеді. Сол үшін баланы қорғау үшін үштік одақтың жұмысын жандандыруымыз керек.Ол ата-ана-мектеп-бала.Осы формуламен жұмыс жасаудамыз.

Категория: Ата-аналарға

 

Перечень госуслуг оказываемых в школе

Автор: admin от 3-01-2019, 23:38, посмотрело: 163

9 Мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
Перечень государственных услуг оказываемые общеобразовательной школой.

Ссылка на нормативно - правовые документы размещённые на сайте Министерства Юстиции Республики Казахстан (http://www.adilet.gov.kz) в блоке «Информационно - правовая система «ӘДІЛЕТ» (http://adilet.zan.kz).

1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына 2-қосымша);

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі № 174 бұйрығына);

3. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Стандарт государственной услуги «Предоставление бесплатного и льготного питания отдельнымкатегориям обучающихся и воспитанников вобщеобразовательных школах» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «13» сәуірдегі № 198 бұйрығына,Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года № 650);

4. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі № 179 бұйрығына);

5. "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен бекітілген, ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылымминистрінің 2015 жылғы«13» сәуірдегі № 198 бұйрығына);

6. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі № 179 бұйрығына);


7. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Стандарт государственной услуги "Предоставление бесплатного подвоза к общеобразовательным организациям и обратно домой детям, проживающим в отдаленных сельских пунктах" (Приложение 5 к приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2015 года № 198);

8. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларғабіліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауданөткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына 1-қосымша);

Категория: Нормативтік құжаттар