Жігіт сұлтаны » СШ №26
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№26 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жігіт сұлтаны
21
февраль
2020

Жігіт сұлтаны

№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепте 25.02.2020 күні «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Байқауға 9-10-11 сынып оқушылары қатысты. 
Өздерін жігіт сұлтанына лайық деп санаған мектеп жігіттерінің ішінен жеті бірдей оқушы сайысқа шықты. Байқауға қатысушы жігіттердің өнеріне әділ баға беретін қазылар құрамы да әр саладан болды.Сайыс бес кезеңнен құралды. Алғашқысы таныстыру, өнер сайысы, білім сайысы, мәнерлеп дыбыстау, кір көтеру.Осы сайыстар барысында қатысушылар заманауи технологияны пайдалана отырып түрлі бағытта өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Бірі әсем әнмен әрлесе, бірі биден де кем қалдырмады. Енді бірі өлеңдетіп, мәнерлеп оқу үлгілерімен қазіргі қоғамның дертіне айналған тақырыптарды да қозғай білді.Қатысушалар ойлылығымен ой салар тақырыптарды жастарға көрсетумен қатар, бір мезет күлкіден де қалыс қалдырмай, «күш атасын танымас» демекші  кір көтеру арқылы жігіттер білектің күшін көрсетіп көрерменнің жүрегіне жол таба білді. Жігіт сұлтаны байқауына қатысқан 1 орын 10 Б сынып Антипов А. сын. жет. Гумбетова Ж.М.
9А сынып Ещанов Ө. сын.жет. Ерназаров Н.,
9Ә сынып Ещанов Н. сын.жет. Нурниязова Ш.
9Б сынып Бердахов Е. сын.жет. Нурымбетова М.,
10А сынып Жарылкасынов Е. сын.жет. Кылышбаева Н.
сіздерге алғыс білдіреміз.