«Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс,зорлық зомбылықтың алдын алу» » СШ №26
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№26 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс,зорлық зомбылықтың алдын алу»
05
февраль
2020

«Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс,зорлық зомбылықтың алдын алу»

 №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепте «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс,зорлық зомбылықтың алдын алу» мақсатында ата-аналармен және оқушылармен кездесу өткізілді.Кездесуге мектеп инспекторы Е.Қазақбай  мен мектеп директоры Айткулова Г.Ч. сөз алып ата-аналармен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз – қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, «Әкелер мен аналар, аталар мен әжелердің өз балалары  мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті жане кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, қоғамның басты мақсаты – психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.